Ол нағыз ұры: Мирзияев бұрынғы бас прокурорға халықтан кешірім сұратпақ

0
3

Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Кадыров қан қысымы көтерілуіне байланысты ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды rus.ozodlik.ru сайтына сілтеме жасаған Baq.kz.

Кадыров биылғы ақпанда «бопсалады», «қызметін асыра пайдаланды» және «пара алды» деген айыптармен тұтқындалған болатын.

Әндіжан облысына барған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев бұрынғы прокурор алдағы екі-үш айда теледидар арқылы халықтан кешірім сұрайтынын айтты.

«Қазір бас прокурор (яғни, бұрынғы бас прокурор — ozodlik.org) сыбайластарымен түрмеде. Миллиондаған долларды өткізіп жатыр. Екі-айдан кейін ол бәрін теледидарда ашық айтатын болады. Өйткені, ол барлық жерде сыбайлас жемқорлықтың тамырын жайғызды. Әр аудандық прокурордан 30-40 мың доллардан алып отырған. Ол барып тұрған ұры болатын. Осы себепті прокуратура органдарынан кадрлардың 70 пайызы жұмыстан қуылды. Мен ол жерге адал адамдарды қойдым. Кім де кім сатқындық жасаса, осының кебін кигіземіз» деді Мирзияев.

«Озодликтің» хабарлауы бойынша, бұрынғы бас прокурор теледидарға шығып, өзбек халқынан және президенттен кешірім сұрауға келісіп отыр.

«Ол осылайша жазалау мерзімін қысқартудан үміттенеді» деген Ішкі істер министрлігіндегі дереккөз.

66 жастағы Кадыров Өзбекстанның бас прокуроры болып 2000 жылы тағайындалған болатын. 2015 жылдың сәуірінде ол қызметтен босатылды.

2018 жылдың 5 наурызында Ішкі істер министрлігі Кадыровтың 39 жастағы ұлы Әлішер Кадыровқа іздеу жариялады.

Бұрынғы бас прокурордың ұлы Қылмыстық кодекстің бопсалау және алаяқтық тармақтары бойынша қылмыстар жасады деп күдіктеліп отыр. Бүгінге дейін Кадыров пен оның баласынан 500 млрд АҚШ доллары көлемінде ақша өндіру талабымен сотқа шағым берілген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ