«Ол жануар емес бала ғой»: Көлік қағып кеткен баланың анасы кінәліні табуды талап етуде

0
3

Алматыда тапа-тал түсте көлік қағып кеткен баланың анасы оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні тауып, қатаң жазалауын талап етті деп жазады «Қазақпарат»-қа сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото:salt.zone

Әйел адамның айтуынша, полицейлер Дінмұзамедті қағып кеткен көлік жүргізушісін әлі іздестіріп жатыр. Алайда, іздестіру жұмыстары нәтиже бермей жатыр.

Бес жасар баланың анасы кінәлінің табылып, қатаң жаза алатынына үміттеніп отыр.

«Мұндай іс жазасыз қалмай керек. Ол жануар емес, бала ғой. Тіпті итті қағып кететін адамдар оны жолдың шетінеапарып қояды. Балаға бұлай жасауға болмайды», — деп айтты әйел адам.

Қазіргі таңда ол бірнеше отаны басынан өткізген баласының қасынан шықпай, оның жағдайын қадағалап отыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ