Олимпиада жүлдегерінің өлімін тергеуді Бас прокурор өз бақылауына алды

0
7

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша істің тергелуін ҚР Бас прокуроры өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Бас прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Денис Теннің өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қылмыстық істі тергеу үшін ІІД және ІІМ-нің анағұрлым тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы жасақталды.

«Іс бойынша процессуалдық прокурорлар тағайындалды. Тергеу амалдарының барысын Бас прокурор бақылауға алды», — делінген хабарламада.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында бүгін түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.

Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын. 2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады.

Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.

Оқиғаның тергелуін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов та жеке бақылауына алған болатын.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ