Оралда 10 жастағы оқушы дене шынықтыру пәнінен кейін қайтыс болды

0
1

Қайғылы жағдай 25 желтоқсан күні Асан ауылындағы орта мектепте болған. Оқушының сыныптастары марқұмның дене шынықтыру сабағында жағдайы нашарлай бастағанын айтады Uralskweek.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаны растап отыр.

«Жедел жәрдем хабар түскеннен кейін 5 минуттан соң жеткен. Баланың жағдайы өте ауыр болған. Дәрігерлер дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізгенімен оның өмірін сақтап қала алмады», – дейді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлер баланың неден қайтыс болғанын айтпай отыр. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сот-медициналық сараптамасының қорытындысы шыққаннан кейін ғана барлығы мәлім болады дейді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ