Оралда 12 жастағы бала жоғалып кетті

0
1

Оралда жоғалған 12 жасар бала іздестірілуде деп жазады ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Оралдағы №38 орта мектептің 6-сыныбында оқитын 2006 жылғы Санжар Сатаев 24 желтоқсан күні сағат 13:30-да сабақтан шыққаннан кейін үйіне оралмаған.

Үстінде қара күртесі мен бөркі, аяқкимі де қара, қызыл сөмкесі болған. Ата-анасы содан бері таба алмай, 8-775-672-32-75 немесе 102 телефонына хабарласуын сұраған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, қазіргі кезде баланың іздестіріліп жатқанын жеткізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ