Оралда күдіктіден ақша бопсалаған екі полицей ұсталды

0
1

Оралда екі полицей ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Коллаж: Tengrinews.kz

«Оралда ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, 240 мың теңгесін алған ІІБ-ның екі лауазымды тұлғасын ұстады», — дейді ІІМ өкілі.

ІІМ өкілі бұл істі тергеу ең тәжірибелі тергеушіге тапсырылғанын атап өтті.  Сонымен қатар, ол Шымкентте ЖШС-лардың бірінің менеджерінен 15 миллион теңгесін тартып алмақ болғанда көмекке келген жұмысшыны пышақпен жаралаған ер адамның ұсталғаны туралы хабарлады.

Сонымен бірге, Алматыда Қарағанды облысы ІІД-нің жедел қызметкерлері биыл сәуірде ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасаған қарағандылықты ұстады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ