Оралдың қақ ортасында арнайы тағайындау жасағымен қылмыскерлер ұсталды (фото)

0
5

Орал қаласының орталығында белгісіз біреулерді ұстау шаралары өтті. Полиция қызметкерлері бұл туралы ешқандай ақпарат таратпай отыр деп хабарлайды Мой город порталына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Ұйымдасқан қылмыспен күресу басқармасының қызметкерлері «Chery Amulet» жеңіл автокөлігін Молдағұлова мен Исаева көшелерінің қиылысында тоқтатты.

Екі ер адам арнайы тағайындау жасағымен ұсталды. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр.

Құқықтық тәртіп сақшыларының кімді және не үшін ұстағаны әзірге белгісіз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ