Оразада тегін құрма мен су таратқан шымкенттіктер елді сүйсінтті (фото, видео)

0
0

Шымкенттік имамдар мен жастар бірлесіп ауызашар уақытында көшедегі жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне тегін құрма мен су таратты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Шымкент тұрғындарына тегін қоғамдық көлік қызметін ұйымдастыру, мұқтаж болған отбасыларына тамақтандыруды басты назарға алған мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты игі шара барысында үш жүзге жуық адамға құрма мен сусындарды тегін таратты. Мұндай қайырымдылық шарасы бұрын-соңды шаһарда болмаған.

Дәл ауызшарар уақытында су мен құрма тарату арқылы мешіт қызметкерлері ораза ұстаған жандардың қажетліггін қамтығысы келді. Сондай-ақ, ораза күндерінде мешітте тарауих намазын оқыған жамағат үшін тегін таксилер қызмет көрсетіп жүр.

«Көшеде су тарату — бұрын-соңды болмаған сауапты іс. Мұндай шаралар Рамазан айының соңына дейін жалғасады. Үш жүз адамға бар-жоғы он бес минуттың ішінде тегін су мен құрма тараттық. Сондай-ақ, бүгін қалда тегін шаштараз қызмет көрсететін болады», -дейді Орталық мешіттің өкілі Азамат Әбдікәрімұлы.

Айта кетейік, қалада 105 мешіт бар. Осы мешіттің өкілдері Оразаның әрі күнінде сауапты іс жасамақ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ