Қанат Ислам АҚШ-та емханаға түсіп қалды

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам АҚШ-та емханаға түсіп қалды. Бұл туралы "Профи Бокс Казахстана" атты Facebook парақшасында хабарланды деп жазады NUR.KZ порталы. Спортшы аяғынан жарақат алып, емханаға жатқызылған. 23 маусым күні ол рингте жекпе-жекке шығуы тиіс болатын, алайда енді жекпе-жекті спортшының жағдайына байланысты кейінге қалдыруға тура келеді. Қанат Исламның өзі жиын кезінде...

Астанада рөлсіз автобус басқарған жүргізуші жұртты шошытты (видео)

Астанада автобусты рөлі жоқ болса да басқарған жүргізуші жұртты шошытты. Тұрғындар оны видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жария еткен деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Автобусты басқаруға арналған рөл жүргізушінің орындығының астында жатыр екен. Ол жолда сынып қалған болуы тиіс. Алайда транспорттық компания қызметкерін бұл жайт тоқтата қоймаған. Астана ІІД-не...

Самал Еслямова: Менің елім — Қазақстан, азаматтығымды ешқашан ауыстырмаймын!

Канн фестивалінде топ жарған қазақстандық актриса Самал Еслямова азаматтығын ауыстыру ешқашан ойына кіріп шықпағанын айтты. Ол өзін басқа ел азаматшасы ретінде елестете алмайтынын жеткізді деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. Отандық актриса Ләйлә Сұлтанқызының The эфир бағдарламасында сұхбат беруі барысында өзінің қазақ екенін мақтан тұтатыны мен азаматтығын...

Назарбаев: Бүгінде жаһандық интеграция әлсіреу үстінде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қытай бүгінде әлемдегі ең үлкен, жетекші екі экономиканың біріне айналып отыр. Инвестициялық тәжірибе, инновация жедел қарқын алып келеді. Яғни, Қытай өз дамуының мүлдем жаңа жолына...

Министрлік: Қадір түнінде менингококк инфекциясын жұқтыру қаупі өте жоғары

Қадір түнінде менингококк инфекциясының таралу, жұғу қаупі өте жоғары. Себебі, адамдар бес-алты сағат бойы жабық кеңістікте бірге отырады. Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Baq.kz. «Бұл қазір өте өзекті мәселе. Сондықтан, қазіргі таңда менингококк инфекциясының таралуына байланысты біз Қазақстан Мұсылмандары...

NASA марстан органикалық молекула табылғанын мәлімдеді

Тартылған көл түбінен метан табылды. Ғалымдар газ Қызыл ғаламшардың грунт қабатында түзіледі деген пікірде, деп хабарлайды korrespondent.net сайтына сілтеме жасаған Baq.kz. АҚШ Ұлттық аэроғарыш әкімшілігі Марстан метан органикалық молекулаларының табылғанын мәлімдеді. Метанның табылуы аталған ғаламшарда тіршілік иелерінің барын растауы мүмкін. Аталған элемент туралы жаңалықты Curiosity аппараты...

Дархан Кәлетаев имамдармен бірлесе атқаратын жұмыстың алты бағытын атады

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев жұмыс сапармен Ақтөбе облысына барды. Сапар аясында министр алдымен облыс орталығынан 220 шақырым қашықтықта орналасқан Темір ауданына қарасты Кеңқияқ, Шұбарши ауылдарына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Онда Дархан Кәлетаев діни саладағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын...

Елбасы Бейжіңде Халық батырлары ескерткішіне гүлдестесін қойды

Қытайда мемлекеттік сапармен жүрген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңде Халық батырлары ескерткішіне гүлдестесін қою шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Халық батырлары ескерткіші Қытайдың ұлттық монументі саналады. Ескерткіш ХІХ-ХХ ғасырларда өмірін Қытай халқының революциялық күресіне арнаған батырларды мәңгі есте сақтау мақсатында 1949 жылы 30 қарашада Қытай...

Қазақстанда алғаш рет баламалы энергия көздері бойынша аукциондар өтті

Қазақстанда алғаш рет баламалы энергия көздері бойынша xалықаралық аукциондар өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Энергетика вице-министрі Маxамбет Досмұxамбетовтың айтуынша, бірінші аукциондарға отандық компаниялар ғана емес, шетелдік инвесторлар да қатысты. "Күні кеше ғана баламалы энергия көздері бойынша көктемгі аукциондар аяқталды. 10 аукционның 8-і сәтті өтті. Сауда-саттыққа отандық...

Алик Шпекбаев: Мемлекеттік қызметшілер жеңілдікпен баспана алады

Қазақстанның мемлекеттік қызметшілеріне баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңірлердегі сауықтыруда жеңілдіктер беру шаралары әзірленіп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. "Қазіргі уақытта агенттік Президент әкімшілігінің қолдауымен мемлекеттік қызметшілерге...