Ресейде қазақстандық азаматтар мінген көлік аударылып, бір адам қаза тапты

Ресей Федерациясы Астрахань облысында болған жол апаты салдарынан екі Қазақстан азаматы жарақат алды деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ. 1 шілде сағат 21:30 шамасында Камызякский ауданында 26 жастағы қазақстандық жүргізуші рөлге ие бола алмай, салдарынан BMW көлігі аударылады. Жас ер адам бас-ми жарақатын алған, сондай-ақ, басының шашты бөлігі...

Алматы облысында аурухана маңындағы кәріз құдығына түскен үш адам көз жұмды

2 маусым күні Алматы облысына қарасты Шелек ауылындағы аудандық аурухана маңында үш адам қаза тапты. Тазарту жұмыстарын жасауға келген екі маман мен емхана дәрігері кәріз құдығына түсіп, метан газына тұншығып қалған деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ІІМ-нің төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді. Мекеменің хабарлауынша, мамандар аудандық аурухана...

Қазақстан Қытайдан алған сыртқы қарыздарын өтеді

2018 жылғы бірінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы қарызы 0,8 миллиард АҚШ долларына қысқарып, 166,6 миллиард АҚШ долларын құрады деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі. "Қарыздың азаюына Қытайдың мемлекеттік және қаржылық ұйымдарынан тартылған сыртқы қарыздардың өтелуі, сондай-ақ қазақстандық эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі және соның...

Астанада бір мезгілде 40 жұптың некесі қиылады

Алдағы 5 шілде күні Астанада қаланың 20 жылдығын мерекелеу аясында «Салтанатты неке қию рәсімі» өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап. Дәстүрлі шараға биыл 40-қа жуық жұп қатысады. Айта кетейік, Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты неке қию рәсімі 2007 жылдан бері өтіп келеді. 2007-2017 жылдар аралығында...

Роза Рымбаева: Ернар Айдар — өзбектің әнін қазақша орындап жүрген тойдың әншісі

Әнші Роза Рымбаева «Витебсктегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде Қазақстанның атынан шығатын Ернар Садырбаевты тағы бір әнші Ернар Айдармен салыстырмауды өтінді. Ол туралы Қазақстанның халық әртісі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Баспасөз мәслихаты барысында тілшілердің бірі биылғы «Славян базарында» Қазақстанның намысын қорғайтын Ернар...

Алматыға қыдырып келген өзбекстандық қария жоғалып кетті

Алматыдағы қызына қонаққа қыдырып келген ақсақал жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өзбекстан азаматы Бекжан Бегиев кеше күндізгі 10:30 шамасында Алатау ауданы Мәдениет ауылындағы жер үйден шығып кеткен. Жақындары оны көшеде серуендеп қайтуға шыққан болар деп алаңсыз отырып қалған. Ас дайын болғанда, ер адамды шақырмақ болған туыстары...

Ақтауда өртенген пәтерден әйел адамның денесі табылды

Ақтауда өртенген пәтер ішінен 35 жастағы келіншектің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ақтауда аптап ыстықта қаладағы тұрғын үйдің бірінде өрт шыққан. Оқыс оқиға 1 шілде күні кешке болған. Көршілер мен куәгерлер өрттің қашан және қалай тұтанғанын білмейді. Көпшілік қызыл жалын күшейіп,...

Қостанайлық әйел «алиментті аз төлейсің» деп экс-күйеуін соққыға жыққан

Қостанай облысының тұрғыны бұрынғы күйеуін баласына аз алимент төлегені үшін соққыға жыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ерлі-зайыптылар заң жүзінде ажырасқаннан кейін арақатынастары тіптен нашарлап кеткен. Екеуінің арасында кезекті жанжал басталып, салдарынан келіншек ер адамды соққыға жығып, денесіне зақым келтірген. Сот отырысында...

ӘЧ-2018: Бразилия Мексиканы жеңіп, ширек финалға шықты

Бүгін Ресей жасыл алаңдарында өтіп жатқан 2018 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Самараның «Самара Арена» стадионында Бразилия және Мексика құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бес рет әлем чемпионы атанған Бразилия құрамасы осы ойынның фавориті саналған еді. Бірақ олар ойын басында 20 минуттай мексикалықтардың шабуылынан...

Астана полициясы 8 жасар қызға неліктен айыппұл салынғанын түсіндірді

Астана қаласының Ішкі істер департаменті автотұрақ ақысын төлемегені үшін 8 жасар қызға айыппұл тағайындалуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2018 жылдың 20 маусымында алматылық 8 жасар қызға айыппұл тағайындалу фактісіне қатысты Астана ІІД Әкімшілік полиция басқармасы түсініктеме береді. Әкімшілік құқықбұзушылықтарды тіркегенде стационарлық сертификатталған құрылғылар автоматты...