Алматыда қала орталығындағы Фурманов мүсінін алып тастады

Алматыда революционер Фурманов мүсіні Назарбаев көшесінен алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Назарбаев пен Құрманғазы көшесінің қиылысындағы белгілі революционер-жазушының  бюсті  орнында жоқ болып шықты. Қалалық Мәдениет және мұрағат басқармасы мүсінді қайда жібергендерін айтты. «Фурманов бюсті «Сарыарқа» саябағына орнатылатын болды. Ол жерде Кеңес одағы қайраткерлерінің мүсіндері шоғырландырылған», -...

Түркістан облысында темір жолдан өтпек болған 16 жастағы жеткіншек ажал құшты

Түркістан облысында темір жол тағы бір жеткіншектің өмірін жалмады. Манкент станциясындағы темір жол торабының белгіленбеген жерінен өтпек болған 16 жастағы жасөспірім пойыздың астына түсіп, мерт болған деп хабарлайды UZYN.KZ. Куәгерлердің сөзінше, жеткіншек Манкент станциясына келіп тоқтаған пойыздың астынан еңкейіп өткенде келесі жолақта жүйткіп келе жатқан...

Сағынтаев Қазақстан жазушылар одағының өкілдерімен кездесті

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев одақтың төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған «Қазақстан жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап UZYN.KZ. Кездесу барысында Қазақстан Жазушылар одағының жаңа шығармашылық жобалары мен қазіргі мәселелері талқыланды. Айта кетейік, Қазақстан жазушылар одағы...

Шаңды дауыл, бұршақ, жауын: Бүгін еліміздегі ауа райы қандай болмақ?

«Қазгидромет» РМК 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды UZYN.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде антициклондық ықпал сақталады, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты тек солтүстік, орталық және шығыстарының кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Күндіз кей жерлерде солтүстік бойынша бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейіп оңтүстігінде шаңды...

«Ол жануар емес бала ғой»: Көлік қағып кеткен баланың анасы кінәліні табуды талап етуде

Алматыда тапа-тал түсте көлік қағып кеткен баланың анасы оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні тауып, қатаң жазалауын талап етті деп жазады "Қазақпарат"-қа сілтеме жасаған UZYN.KZ. Әйел адамның айтуынша, полицейлер Дінмұзамедті қағып кеткен көлік жүргізушісін әлі іздестіріп жатыр. Алайда, іздестіру жұмыстары нәтиже бермей жатыр. Бес жасар баланың анасы кінәлінің табылып, қатаң...

Алматыда автобус апатқа ұшырады

Алматыда тағы да жол-көлік оқиғасы болып, автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Куәгерлердің сөздерінше, Toyota маркілі көлігі Жандосов көшесінен шығысқа қарай бет алып бара жатқан. Ал автобус Манас көшесінен оңтүстікке қарай кетіп бара жатты. Жол қиылысында көліктер бір-бірімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы...

Шығыс Қазақстанда орман өртке оранды

Өрт аумағы – 28 гектар, деп хабарлайды Baq.kz altaynews.kz сайтына сілтеме жасап. Өрт сөндірушілер Ұлан ауданының аумағындағы орманнан шыққан өртті ауыздықтауға бар күштерін салуда. Қазір ашық жалын сөндірілді, тек жалыннан қалған шоқтардың орындарымен күрес жүргізілуде. Асубұлақ орман шаруашылығы қызметкерлерінің айтуынша, өрттің шығуына найзағай себеп болған көрінеді. Приморск...

Алматы – Қапшағай тасжолында ер адамды көлік қағып, көз жұмды

Ер адамды қағып кеткен көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі caravan.kz сайтына сілтеме жасап. Қайғылы жағдай Алматы – Қапшағай тасжолының 35-шақырымында болды. Куәгерлердің айтуларынша, шетелдік көлік Қапшағай бағытына қарай бара жатқан. Осы кезде жолды кесіп өтуге тыйым салынған жерден ер адам...

2 мың тәртіп сақшысы Алматы автобазарларында рейд жүргізуде

Алматы тәртіп сақшылары заңсыз сауда нүктелерін анықтау үшін қаладағы ірі автобазарларына рейдке шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін таңертең «Жібек Жолы» автобазарына тәртіп сақшылары рейд жасады. Базарды полицейлер мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері қоршауға алып, оның аумағына ешқандай көлікті кіргізбеді. Әскерилер базар аумағынан шыққысы келген...

Грекия ормандарындағы алапат өрт: Қаза болғандар саны 70-тен асты

Грекияда бір күнде бірнеше жерден тұтанған орман өрттері дүйсенбіден бастап лаулап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Афинының Македониялық жаңалықтар агентті сейсенбі күні хабарлағандай, өрт салдарынан ажал құшқандар саны 74 адамға жетті. Тағы 187 адам, соның ішінде 23 бала зардап шекті. Грекия үкіметі...