Дәрі-дәрмектерді сатып алу электронды форматқа ауыстырылады

Дәрі-дәрмектерді электронды түрде сатып алуға мүмкіндік беретін веб-портал іске қосылды, деп хабарлайды Baq.kz. Веб-порталдың таныстырылымына ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, әлеуетті дәрі-дәрмек жеткізуші компания және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Осы орайда Елжан Біртанов порталдың іске қосылуы маңызды екенін атап өтті. «Бұл біз үшін маңызды шара....

Атырауда жеңіл жүрісті қыздарға үй жалға берген азамат жазаға тартылды

Атырауда жеңіл жүрісті қыздарға үй жалға берген азамат жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жеңіл жүрісті қыздарға үй жалға берген азамат  Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды. Құқық бұзушы Б. Атырау қаласындағы «Сарыарка» мөлтекауданында орналасқан пәтерді жалға алып, кейін...

Атышулы Әліби Жұмағұлов ісі: Бизнесмен Жамалиев бостандыққа шықты

Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотталған бизнесмен Қайрат Жамалиев айыппұл төлеп, түрмеден босап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат  Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 23 мамырында Көкшетау қалалық сотында «Әліби Жұмағұлов ісі» бойынша жазасын өтеп жатқан Қайрат Жамалиевтің өтініші қаралды....

Суда шомылу қауіпсіздігінің ережелері қандай

Жаз маусымындағы күннің ыстығында суға, соның ішінде шағын тоғандар, өзен-көлдерге түсіп, демалушылар саны артататыны белгілі. Бұл ретте шомылу орындарында болатын қайғылы оқиғалардың саны да арта түсетіні анық. Осыған байланысты , деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Шомылу маусымында оқыс оқиғалардан туындайтын қауіптілік деңгейі жоғары дәрежеде қала береді. Бұл жерде...

Алматыда Оңтүстік Кореямен бірлескен амбулаторлық клиника ашылды

Алматыда Оңтүстік Кореямен бірлескен амбулаторлық клиника ашылды. Бұл Орталық Азия аумағындағы толығымен шетелдік инвестицияға іске асырылған алғашқы медициналық мекеме, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Кореяның озық диагностикалық технологияларымен жабдықталған емханада тиімді ота жасау жүйесі енгізілген. Сонымен қатар, Сингапур технологиялары да пайдаланылатын болады. Обыр скринингін іске асыру үшін Сеул...

Студенттер тиінді жасау барысында ешқандай қаржы шығындамаған

ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі Арман Евниев Қаскелеңге іссапары барысында сабаннан жасалған тиінді жоғары бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Вице-министр Қаскелеңге машина құрау саласының жетістігі - комбайнерсіз жүретін комбайнды тестілеуге келген болатын. «Тиін маған ұнады. Бірақ, Атакенттегі тиінді әлі көрген жоқпын. Студенттердің таза табиғи өнімнен өнер туындысын жасағаны әрине...

Атырауда 9 жасар қыз суға құлап, көз жұмды

Атырауда 9 жасар қыз абайсызда суға құлап көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қайғылы оқиға кеше сағат 19.45-де Атырау қаласындағы Балықшы кентіндегі Жайық өзенінде болған. 2009 жылы туған қыз бала абайсызда суға құлап кетті. Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының 3 қызметкері мен арнайы қайықтары қыздың денесін...

Алматыда арықтан табылған әйелді өлтірді деген күдікті 2 айға қамалды

Алматыда арықтан табылған әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ҚазАқпараттың осы оқиға бойынша жолдаған ресми сауалына жауабында айтылған. «Аталған дерек ҚР ҚК 99- бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қазір күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр»,-деді...

Синоптиктер алдағы үш күндегі ауа райы болжамын жария етті

Синоптиктер 19-21 шілдеге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.  «Қазақстанның көптеген облыстары Ресейдің Еуропалық бөлігіндегі солтүстік аймақтарда таралған антициклонның ықпалында болады. Сондықтан, ауа температурасы да орташа көпжылдық және одан жоғары мәнге ие болады. Жоғары атмосфералық қысым кезінде жеке аймақтарда ауа температурасы төмендемейді. Алайда,...

Баян-Өлгейде 530 үйді су басып қалды

Моңғолияның қазақтар көп қоныстанған Баян-Өлгей аймағында нөсер жаңбыр салдарынан су басқан үйдің саны 530-ға жетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Монцамэ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.  Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі кезде 530 үйді қызыл су алып кеткен. Үйсіз қалған 2512 тұрғын аймақтағы балабақша мен мектептердің ғимараттарына орналастырылып жатыр. Арнайы...