Парижде қазақ балалары сурет салудан жарысты

0
27

Парижде қазақ диаспорасының бастамасымен және Қазақстан Елшілігінің қолдауымен «Астана балалар көзімен» тақырыбында сурет салудан байқау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Фото: ҚазАқпарат

Шығармашылық байқауға 7-17 жас аралығындағы Францияда тұратын қазақ балалары қатысты. Барлығы 19 жұмыс ұсынылды. Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев марапаттау кезіндегі өз сөзінде осындай дарынды балаларды тәрбиелеген ата-аналарға алғыс айтып, мерекелік іс-шараның барлық қатысушыларын Астана күнімен құттықтады.

Елші өз сөзінде Астана ел бірлігінің символы, бүкіл Қазақстанның серпінді, әрі тұрақты дамуының айғағы екенін атап өтті. Оның айтуынша, дәл осындай іс-шараларда балалар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру негізі қаланады.

Өз кезегінде диаспора жетекшілерінің бірі Тәбәрік Догу: «Конкурсқа қатысқан көптеген балалар Астанада болған емес. Бірақ бұл елорданың басты көрікті жерлерін суреттеп салуда балаларға кедергі болған жоқ. Байқаудың мақсаты — балаларға патриотизмді, туған жер мен Астанаға деген сүйіспеншілікті дәріптеу. Балалар өз суреттері арқылы Астана күнін атап өтуге өз үлестерін қосқысы келді», — деп атап өтті.

Байқаудың жеңімпаздары Фатмагүл Апак (1-орын), Емре Тұрсын (2-орын) және Керім Алдұрсын (3-орын) атанды.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ