Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атаулары өзгерді

0
1

Елбасының Жарлығымен Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атаулары өзгерді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат. ҚазАқпарат Жарлықтың толық мәтінін жариялайды.

Фото: www.akorda.kz

***

Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Павлодар облысының кейбір аудандары:

1) Качир ауданы — Тереңкөл ауданы;

2) Лебяжі ауданы Аққулы ауданы болып қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының                 Президентi

Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2018 жылғы  4 тамыз                                  № 724

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ