Павлодарда 50 жастағы әйел 16-шы қабаттан құлап кеткен

0
4

Павлодар қаласындағы Тәуелсіздік даңғылының бойындағы 16 қабатты үйдің жанынан 50 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Азаматша жоғарыдан төмен құлап кеткен, деп хабарлайды Baq.kz.

Фото: Baq.kz

Бұл туралы агенттік тілшісіне куәгерлер хабарлады. Қайғылы оқиғаның болғанын облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері растады.

«Жедел медициналық қызметке шақырту сағат 16:39-да түсті. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде азаматшаның мүрдесі көпқабатты үйдің жанында өлі күйінде жатты. Әйел адам мамандардың келуіне дейін көз жұмды», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Сала мамандарының айтуынша, әйелдің өзіне-өзіне қол жұмсады немесе өлтірілді деуге әзірге ерте. Оқыс оқиға бойынша ішкі істер органдарының өкілдері тергеу амалдарын жүргізеді.

Еске сала кетсек, шілде айының басында Павлодар қаласында үшінші қабаттан секірмекші болған азамат құтқарылды. Ол суицид жасамақшы болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 жастағы павлодарлық өңірдегі психоневрологиялық диспансердің есебінде тұр. Суицид жасамақшы болған кездегі психикалық жағдайы ушығып кеткен. Көршілерінің айтуынша, бұл ер азаматтың өзіне өзі қол жұмсауының бірінші оқиғасы емес. Ол бұған дейін де осындай қылық танытып келген.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ