Павлодарда көрпеге оранған 2 жасар бала тұншығып өлді

0
1

Павлодар ауданына қарасты Красноармейка ауылында 2 жасар сәби көрпеге оралып, тұншығып қалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Фото: Көрнекі сурет

Қайғылы оқиғаның болғанын облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының өкілдері растады.

«Красноармейка ауылдық амбулаториясына шақырту сағат 17.05-те түсті. Араға 10 минут салып, медицина мамандары оқиға орнына дереу жетті. Өкінішке қарай, сағат 17.15-де дәрігерлер 2016 жылы туған баланың биологиялық өлімін тіркеді», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Салалық ведомство мамандарының хабарлауынша, ұл баланың өлімі туралы ақпарат Павлодар аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдеріне жолданды. Сәбидің мүрдесі бойынша сот-медициналық сараптама жүргізілетін болады.

Еске сала кетсек, бір күн бұрын отқа оранған моншаның ішінен 7 және 4 жасар екі баланың мүрдесі табылған болатын. Тілсіз жау Павлодар қаласындағы жекеменшік секторының бірінде болды. Тапа тал түсте жазғы ас үйдің ғимараты өртеніп, 29 жастағы әйел екі баласын шомылдырып жатқан күйі ажал құшты. Балалар орамалға оралған күйі табылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ