Павлодарда сегізінші қабаттан 4 жасар бала құлап кетті

0
4

Павлодар қаласында Толстой көшесінде орналасқан көп қабатты үйдің сегізінші қабатынан 4 жасар сәби құлап, мерт болды, деп хабрлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға орын алған кезде баланың ата-анасы үйінде болған. Болған жағдайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде түсіндіріп берді.

«Терезеден 2014 жылы туған бала құлап түсті. Оқиға орнына жеткен № 2 жедел-құтқару станциясының мамандары баланың көз жұмғанын тіркеді. Өздеріңіз түсінгендей, осындай биіктіктен құлап аман қалу екіталай», — деді ведомствоның баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Кейін отбасы Павлодар қаласына Ақтоғай ауданынан көшіп келгені анықталды. Бұл пәтерді олар жалға алып тұрған.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ