Павлодарда Түркия елшілігінің ауызашарында 300 адамға Құран кітабы берілді (фото)

0
1

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айының сегізінші күні Қазақстандағы бауырлас Түркия елінің елшлігімен бірлесіп облыстық орталық Мәшһүр Жүсіп мешітінің үлкен асханасында 300 адамға ауызашар дастарханын жайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Фото: pavlodarnews.kz

Бұл туралы мешіттің баспасөз қызметі мәлім еткен. Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы ауызашарға жиналған қауымға қасиетті Рамазан айының берекесін тілей келе, еліміздегі Түрік елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Галип Акын бастаған елшілік қызметкерлеріне бауырластық ықыласы, ниет-пейілі үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, дастархан басына ораза тұтып жүрген қарапайым жамағатпен қоса арнайы шақырылған зағиптар қоғамы мүшелері, қаламызға танымал қадірлі аталар мен апалар және зиялы қауым өкілдері шақырылды. Ауызашарға қатысқан әр адамға түрік ағайындарымыз сыйға тартқан қасиетті Құран Кәрім кітабы қойылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ