Павлодарлық қыз «Мисс Қазақстан — 2019» атанды

0
6

Нұр-Сұлтанда «Мисс Қазақстан-2019» байқауы өтті. Сән сайысының ақтық сынына еліміздің 32 хас сұлулары қатысқан. Жеңіске Павлодар намсын қорғаған 20 жастағы Мадина Батық жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото : Instagram

«Мисс Қазақстан» жеңімпазы «Әлем аруы» байқауына жолдама алды. Оған қоса, аруға үш миллион теңге көлеміндегі қаржылай сый берілді.

32 қатысушы арасынан тағы үш бойжеткен «вице-мисс» титулын иеленді.»Мисс Қазақстан-2019″.

Бірінші вице-мисс болып Диана Әбішева атанды. Ол Қазақстан атынан «Ғалам аруына» қатысады.

Екінші вице-мисс Надежда Недосекина, үшінші вице-мисс Сәния Мерғалиева болды.

Халықтық дауыс беру мен қазылар алқасының пікірі бойынша үздік бесікке: Диана Әбішева (Алматы), Сәния Мерғалиева (Нұр-Сұлтан), Мадина Батық (Павлодар), Надежда Недосекова (Семей) және Балжанат Анас (Шымкент) кірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ