Перуде жерлеу рәсімі кезінде 10 адам уланып қайтыс болды

0
4

Жерлеу рәсімінде берілген ас 52 адамның улануына себепші болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: islam-today.ru

Елдің денсаулық сақтау министрлігі Аякучода берілген астың құрамында улы химикаттар болғанын анықтады. Ол нақты қандай химикаттар екені анықталуда.

Тамақтан уланып қайтыс болғандардың ең жасы – 12-де болса, ең үлкені – 78 жаста. Мемлекеттің денсаулық сақтау министрі Сильвия Пессах көз жұмғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Көз жұмған 10 адамнан бөлек 52 адам тамақтан уланған. Олардың кейбірі ауруханада жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ