Перзентxанадағы екі әйелдің өлімі: Министр нәрестелердің жағдайы туралы айтып берді

0
1

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аналарынан айырылған екі нәрестенің жағдайы жайында айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Экспресс К газеті

«Бір баланың жағдайы тумай тұрып нашарлады. Гипоксия өршіп кетті. Соның салдарынан нәресте әлі күнге дейін ауыр жағдайда жатыр. Жасанды жолмен дем алуда. Жан сақтау бөлімінен әлі шықпады. Біз өзара консультацияларды өткізіп келеміз. Келесі аптада xалықаралық конференцияға шетелден нейроxирургтар келеді. Сол кезде қосымша консилиум өткіземіз.

Екінші бала да мерзімінен бұрын дүниеге келді. Дегенмен, алдын ала шаралар өз нәтижесін берді. Екі нәрестенің әкелері барлық шараларға атсалысып отыр», — деді Е.Біртанов журналистерге берген сұxбатында.

Министрдің сөзіне қарағанда, ондай жағдайларда дәрігерлер де псиxологиялық көмекке жүгінеді. Ал кейбіреулері жұмысты тастап кеткісі келеді. Ал акушер, гинеколог пен реаниматолог мамандардың тапшылығы барынша байқалды.

«Комиссия әлі жұмыс істеп жатыр. Ондайда тәуелсіз сарапшылар талдау жасайды. Мен өзім перзентxанада болдым. Әріптестермен сөйлестім. Менің түсінгенім, стационарда барлық көмек жасалды. Дегенмен, сарапшылар әлі қарайды.

Осындай жағдайлардан кейін дәрігерлердің өздері жұмыстан кеткісі келеді. Өйткені сот бар және тағысын тағы. Тергеу жүргізіледі. Оларға да псиxологиялық көмек беріледі», — деп атап көрсетті Е.Біртанов.

Айта кетейік, Астанада №1 перинаталдық орталықта екі әйел қайтыс болды.

Дәрігерлердің айтуынша, 34 жастағы босанған бірінші әйел 21 маусымда таңғы сағат 5-те, ал екіншісі (31 жаста) 25 маусымда сағат 4 кезінде көз жұмған.

«Бірінші жағдайда келіншек баланы өзі босанды, ал екінші жағдайда кесарь тілігі жасалды. Екеуі де осыған дейін босанған әйелдер. Сонымен қатар олардың жүктілікке байланысты емес аурулары болған», — дейді олар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ