Полиция: Ескендір Сүлейменовке қатысты жол апаты: Туыстар іске араласқан жоқ

0
0

Астана қаласының Ішкі істер департаменті Олжас Сүлейменовтің немересі — Ескендір Сүлейменовтің өліміне әкеп соққан жол апатының мән-жайын анықтауға ешбір туыстардың араласпағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Sputnik Казахстан

«Оның (Мұхитованың — авт.) әкесі, туыстары немесе өзге де адамдардың іске ықпал ету ықтималдылығы турасында ешкімнің араласпағанын — сенімді түрде мәлімдеймін. Тергеудің толыққанды жүргізілуіне ешқандай кедергіні көріп тұрған жоқпыз. ҚР ҚПК 24-бабына сәйкес біз тергеудің жан-жақтылығын, толыққандылығы мен шынайылығын қамтамасыз етеміз», — деді қалалық ІІД-де өткен баспасөз мәслихатында департамент бастығының орынбасары Санжар Әділов.

Айта кетсек, Санжар Әділов күдікті жүргізушіге қатысты кепіл ретіндегі бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлаған болатын. Кепіл сомасы — 601 250 теңге. Сондай-ақ жол апаты кезінде оның рульде мас күйінде болмағаны атап өтілді.

Астанадағы жол апатында Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ