Президент Алматы облысының әкіміне апатты жолдарды жөндеуді тапсырды

0
13

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы жолдардың 22 пайызы сын көтермейтінін айтты. Талдықорғанда жұртшылықпен кездесу барысында Мемлекет басшысы облыс әкіміне нақты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Travellife

«Алматы облысы жолдарының 22 пайызы сын көтермейді. Өңір басшысына апатты жолдарды қалпына келтірудің 2025 жылға дейінгі жоспарын құруды тапсырамын», — деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына келді.   



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ