Президент: Астана — барлық бастамалар мен оң өзгерістердің флагманы

0
3

Астана еліміздегі барлық бастамалар мен оң өңгерістердің флагманы. Бұл туралы бүгін елордадағы Конгресс холл орталығында өтіп жатқан «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрсұлтан Назарбаев

«Бұл күндері әсем Астанамыздың 20 жылдық мерейтойын өткізгелі отырмыз. Тарих үшін қас қағым 20 жылдың ішінде даланың дәл ортасында тұрған шағын қала бүгін миллионннан астам халқы бар мегаполиске айналды. Астана Тәуелсіздіктің, еліміздің береке-бірлігінің, дамуының, дәрежесінің символы болып келеді. Астана еліміздегі барлық бастамалар мен оң өзгерістердің флагманы. Халықаралық қаржы орталығының ашылуы соның көрінісі», — деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев қаржы орталығының тұсаукесер салтанатына бүгін елуден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдері келіп отырғанын айтып, оларға алғысын білдірді.

«Әсіресе, Әбу Дабидің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаян  мырзаға, осында отырған Татарстан Президенті Рустам Минниханов мырзаға ерекше ықыласымды білдіремін», — деді Елбасы.

Қазақстан Президентінің атап өтуінше, елорданың 20 жылдық мерейтойына Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Президенттері де қатысатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ