Рамазан айында ораза ұстайтын адамға берілетін 5 қасиет қандай?

0
2

6-шы мамырда мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Рамазан айып кіріп, ниет еткен адамдар Алла алдындағы бес парызының бірін өтейтін болады. Осы орайда islam.kz ораза үстаушыға берілетін 5 қасиетті атады.

Имам Ахметтің Әбу һурайрадан (р.а) жеткізген риуаятында Алланың елшісі (с.а.у) ораза тұтушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді: «Менің үмбетіме Рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет беріледі» дейді. Олар:

  1. Ораза тұтушының аузының иісі Алланың алдында қош иісті мисктен, сөзсіз артық болады;
  2. Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;
  3. Алла Тағала Рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: «Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерін тастап, саған кіретін күні жақын қалды» дейді;
  4. Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды;
  5. Ал, соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі. Сахабалар: «Уа Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?» — деп сұрағанда Ол (с.а.у): «Жоқ жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты» — деген».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ