Ресейде қазақстандық азаматтар мінген көлік аударылып, бір адам қаза тапты

0
5

Ресей Федерациясы Астрахань облысында болған жол апаты салдарынан екі Қазақстан азаматы жарақат алды деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Baq.kz

1 шілде сағат 21:30 шамасында Камызякский ауданында 26 жастағы қазақстандық жүргізуші рөлге ие бола алмай, салдарынан BMW көлігі аударылады. Жас ер адам бас-ми жарақатын алған, сондай-ақ, басының шашты бөлігі зақымданған.

Оның жолаушылары да түрлі дәрежедегі жарақат алған. 28 жастағы Раздор ауылының тұрғыны ашық жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Тағы бір 27 жастағы Қазақстан азаматы кеуде және табан жарақатын алып, өзі ауруханаға медициналық көмек сұрап барған.

30 жастағы Камызяк тұрғыны оқиға болған жерде көз жұмды. Дәл қазір Камызяк аудандық полицейлері көліктің аударылуына не себеп болғанын анықтап жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ