Риддер қаласында көлік апатынан 8 жасар оқушы мерт болды

0
0

Әлеуметтік желіде Риддер қаласындағы оқушының өлімімен аяқталған көлік апатының видоесы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті ridder.city сайтының хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше түс әлеуетінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, «Исток» дүкенінің алдындағы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 8 жасар баланы жоғары жылдамдықпен келген көлік соққан. Салдарынан баланың миына зақым келіп, қалалық ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген.Оқушының өміріне жасанды тыныс алу аппараты да араша түсе алмады. Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың қайтыс болғанын растады.

Әлеуметтік желі қолданушылары көлік қаққан баланың сыртқы сипаттарына қарап, кім екенін анықтаған. Көлік иесі де қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жолдағы баланы тым кеш байқаған тізгінші бағытын өзгертуге талпынған. Соның әсерінен діңгекке соғылып, өзі де ауыр жараланған.

Оқиғаның анық-қанығын қалалық полиция бөлімінің жедел іздестіру тобы тексеру үстінде.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ