Риддер кенішінде 30 жастағы жұмысшы көз жұмды

0
0

20 шілде күні түнде Риддер қаласындағы Долинный кенішінде болған жазатайым оқиғаны комиссия тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

30 жастағы жұмысшының өлімін Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті де растады.

«Осы дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу») 2-бөлігімен тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», — делінген ресми хабарламада.

Бейресми дереккөздердің мәліметінше, үңгушіні жүк тиегіш машина басып кеткен. Жедел жәрдем жеткенше, көп қан жоғалтқан жігіт көз жұмды.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ