Роналду бастаған Португалия да жеңіліс тауып, кері қайтатын болды

0
6

Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Уругвай құрамасы Португалияны 2:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сочидің «Фишст» стадионында өткен ойында уругвайлық Эдинсон Кавани дубль жасап, командасын жеңіспен қуантты.

Ал кездесудің соңына дейін жанкүйерлері үміт күткен португалдықтарға 55 минутта Пепе гол сыйлады.

Айта кетерлігі, ширек финалда Уругвай Аргентинаны жарыс жолынан шығарған Франциямен кездеседі.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ