Рудныйда екі жасар сәби 5-қабаттан құлап кетті

0
2

Рудныйдағы тұрғын үйлердің бірінде 2 жасар сәби 5-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап UZYN.KZ.

Фото: ҚазАқпарат

Баланың құлап кеткені туралы хабар 5 шілде күні таңғы сағат 03:25-те облыстық ІІД кезекші-диспетчерлік бөліміне түсті.

«4 шілде күні сағат 21:30 шамасында Рудный қаласындағы тұрғын үйдің 5-қабатынан 2 жасар ұл құлап кетті. Ол жабық бассүйек-ми жарақаты, оң жақ мықын сүйегі және басқа да ауыр дене жарақаттарымен Рудный қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді», — делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Ведомствода мәлім етілгендей, 2 жасар бала үйде 8 жасар ағасымен қалған. Ойнап жүріп терезеден құлап кеткен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ