Сәбиін автовокзалға тастап кеткен қостанайлық әйел Астанадан табылды

0
5

Қостанай автовокзалындағы ана мен бала бөлмесіне бір жарым жасар сәбиін қалдырып кеткен безбүйрек ана табылды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап UZYN.KZ.

Фото: DalaNews.kz

Ведомстводан мәлім еткендей, Қостанай қаласы ІІБ қызметкерлері баласын автовокзалда тастап кеткен ананы Астана қаласынан тапты. Жасы — 22-де.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 119-бабымен (Қауіпті жағдайда қалдыру) қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, 17 маусымда кешкі сағат 20.30 шамасында «102» пультіне автовокзалдағы ана мен бала бөлмесінде сәбидің жалғыз жатқаны туралы ақпараттүскен болатын. Оқиға орнына ювеналды полиция және жедел қызмет мамандары аттанды.

Сәбиді ғимарат күзетшілері байқаған. Қазір ол Қостанайдағы «Дельфин» балалар үйінде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ