Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

0
3

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 22 мамыр күні жаңбыр жауады. Республиканың тек батысында және оңтүстік-батысында ашық ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: Природа Мира

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай болжанады, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 25 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 25 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с артады.

Ақмола облысында тұман, найзағай, бұршақ болады, желдің күші 15-20 м/с артады. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында -3 градус, Ақтөбе облысында -1 градус үсік жүреді.



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ