Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

0
3

15 мамыр күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, солтүстікте жене онтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Оңтүстікте — шаңды дауыл, солтүстікте және солтүстік-батыста тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Virtual Violet

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 23-28 м/с артады.Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болжанады, түнде жел күшейеді, күндіз оның екпіні 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Маңғыстау облысында дауыл, Батыс  Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.   



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ