Сәуірдің 24-і күнгі ауа райы болжамы

0
1

Сәуірдің 24-і күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын жауады, деп хабарлайды UZYN.KZ «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Фото: azovnew.ru

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, оңтүстікте мол көлемде жауын жауып, елдің батысында ғана жауын жаумайды. Еліміздің бірқатар аумақтарында тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте  және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы да ықтимал.   

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 метр болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарында күндіз жел көтеріліп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан  облыстарының бірқатар аума,ына тұман түседі.



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ