Селфи жасамақ болған әйел Қаскелең өзеніне ағып кетті

0
4

Алматы облысындағы Қаскелең өзеніне 35 жастағы әйел ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ашық дереккөзден

Қайғылы оқиға кеше Қаскелең қаласындағы «Нұрлы тау» демалыс орнында болған. Республикалық жедел құтқару жасағының мамандары әйелдің денесін кешкі 9-дан бастап іздеген.

«3 сағаттан соң марқұмның денесі  құлаған жерінен қашық жерден табылды. Іздестіру жұмыстары күннің батуына байланысты біраз уақытқа созылды. Әйелдің денесі су астындағы қоқыс пен бұтақтарға оралып қалған», — деді РЖҚЖ құтқарушы медбикесі Екатерина Клочко.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, әйел тас үстіне шығып суретке түспек болғанда байқамай өзенге құлап кеткен.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ