Семейде үш баланың анасы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған

0
0

Дүйсенбі, 20 тамыз күні 38 жастағы әйел үйінен шығып кетіп, оралмаған. Оның қайда жүргені белгісіз, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Baq.kz

«Соңғы рет Динара Әубәкірованы 20 тамыз күні сағат 17.00-ке таман Нахаловка ауылындағы үйінен шығып бара жатқан кезінде көрген», — делінген ustinka.kz сайтында.

Rina.kz еріктілерінің хабарлауынша, Динара Әубәкірова өзімен бірге не құжатын, не телефонын алмаған. Ол – орта бойлы (170 см), қара шашты әйел. Ерекше белгілері – маңдайының оң жағында тыртығы бар. Динара Әубәкірова жоғалған күні ақ жемпір мен ашық қоңыр түсті шалбар киген.

Із-түссіз жоғалып кеткен Семей тұрғынының туыстары оны көрген адамдардан келесі номерлерге хабарласуын сұрайды: 8−747−349−57−17 және 8−701−548−68−32.

 

.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ