Семейде достарымен кездесуге шыққан 2 баланың анасы жоғалып кетті

0
0

Семейде университетте бірге оқыған топтастарымен кездесуге кеткен 29 жастағы Елена Свиридова жоғалып кетті деп жазады Altaynews.kz.

Фото: vestikavkaza.ru

Еленаның күйеуінің айтуынша, әйеліне күтпеген жерден достары қоңырау шалып, оны кездесуге шақырған.

2 сағаттан кейін Елена күйеуіне хабарласып, кездесуде отырғанын айтқан. Тағы 2 сағат өткеннен кейін телефонын сөндіріп тастаған.

Кейін әйелдің не сыныптастарымен, не группаластарымен кездеспегені белгілі болған.

Полицейлер мен еріктілер қазір іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ