Семейде тасқыннан зардап шеккендерге жаңа баспана берілді 

0
5

Көктемде су тасқынынан зардап шеккен семейлік тұрғындар жаңа баспанаға ие бола бастады деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Фото: Хабар 24

Алғаш болып қоныс тойын тойлап жатқандардың қатарында Жұмаділовтар мен Зәйкеновтар отбасы бар.

Комиссияның шешімімен олардың үйлері тұруға жарамсыз деп танылған. Екі жанұяға да жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үйден пәтер берілді. Баспана кілттерін қала әкімі табыстады.

Жақын арада тағы 7 отбасы осындай қуанышқа кенелмек. Жалпы тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 60 млн теңге қаражат бөлінген.

Еске сала кетейік, Семейде наурыз айының соңында Ертістің деңгейі көтеріліп, үйлер мен саяжайларды су басқан еді. Комиссия 9 тұрғын үйді апатты деп таныды. Ал 205 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Пәтер екі бөлмелі. Алғысым шексіз. Бұрын от жағушы едім. Енді оның қажеті жоқ», — дейді тұрғын Сейіт Жұмаділов.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ