Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі қайтыс болды

0
0

Қазақстан парламенті сенатының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев 63 жасына қараған шағында өмірден озды. Оның қазасы туралы саясаттанушы Талған Қалиев Telegram-каналында мәлімдеді деп хабарлайды sn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ержан Өтембаев/ Фото: kaliyevchannel

Ержан Өтембаевтың 12 жыл бұрын оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс бергені үшін сотталғаны белгілі. Жеті жылдан соң Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтірген адам тапсырысты басқа біреу бергенін мойындады.

2014 жылы Ержан Өтембаев босап шықты, оған қатысты сот үкімі ішінара жойылған.

Бостандыққа шыққаннан кейін Ержан Өтембаев елдің саяси өміріне араласқан жоқ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ