ШҚО-да үй өртеніп, екі сәби көз жұмды

0
0

Қайғылы оқиға сәрсенбі 12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Каменка ауылында болған, деп хабарлайды Sn.kz.

Көрнекі фото: большой сонник

Өрт туралы хабар 13:15 түсті, жеке тұрғын үй өртенген деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өрт салдарынан екі бала қаза тапқан: біреуі үш жаста, екіншісі бірде.

Бастапқы деректерге сүйенсек, өртену аумағы 100 шаршы метрді құрапты.

Ең жақын өрт сөндіру бөлімі ауылдан 40 шақырым жерде болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан төрт адам мен бір техника қатысты.

Өрт 15:05-те ауыздықталған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ