ШҚО-да дәстүрлі халықтық спорт ойындары басталды

0
3

ҚазАқпарат — Шығыс Қазақстанда ХХІ Халықтық спорт ойындары басталды. Биылғы сайыс Астананың 20 жылдық мерейтойына арналмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАкпарат

Спорттық ойындардың ашылу салтанатына қатысқан облыстың әкімі Даниал Ахметов киіз үй қалашығы мен этноауылды аралап, әртүрлі этнос өкілдерінің спорттық ойындарын тамашалады. Қалашыққа ақшаңқан үйін тіккен  әр аудан халықтың тынысынан сыр шертер тұрмыстық заттарды, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдарды назарға ұсынуда.

Мысалы, семейліктер қазақтың «кесте тігу», «жүн сабау», «жүн иіру» сияқты тұрмыстық көріністерін, татар ұлтының «Құда той» рәсімін дайындап әкелген. Тарбағатай ауданы қазақ халқының бүркітпен аң аулау өнерін көрсетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ