ШҚО-да сүңгуірлер суға кеткен азаматтың денесін 5-6 метр тереңдіктен тапты

0
0

22 маусым күні шомылуға кеткен ер адам қайта оралмаған. 42 жасар риддерлік азамат суға батып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Көрнекі сурет

Көргендердің айтуынша, 42 жасар азамат 22 маусым күні Шаравка өзенін бетке алып жолға шығады. Ол сол кеткеннен үйге оралмайды. Үш күн өткенде ғана жоғалған азаматтың үй-іші іздеу салады.

«№4 өрт бөлімшесінің қызметкерлері бұл хабарды ести сала жағалауды тінтіп шығады. Нәтижесінде, жоғалған азаматтың киім-кешегін табады. Дереу сүңгуірлердің көмегіне жүгінуге бел буады олар», – дейді облыстық төтенше жағдай департаментінің өкілі.

Сонымен, іздестіруге шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы кіріседі. Олар жоғалған азаматтың денесін 5-6 метр тереңдіктен табады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ