Шаңды дауыл, бұршақ, жел: Бейсенбі күні ауа райы қандай болмақ?

0
6

«Қазгидромет» РМК 2 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай жарқылдап жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді.

Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстігінде және орталықта тұман болады деп күтілуде.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз  кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Павлодар, Қарағанды  облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертен кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Алматы, кей жерлерінде Маңғыстау  облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ