Шаршау мен ашушаңдықты басатын өнім қандай?

0
4

Массачусетс-Лоуэлл университетінің ғалымдары омега-3 қанықпаған май қышқылдарын үнемі пайдалану шаршау мен ашушаңдық деңгейін айтарлықтай басатынын анықтады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Baq.kz

Зерттеу нәтижесіне қарағанда, құрамында көп мөлшерде омега-3 болатын тамақ жеген балалар сабырлы болады. Ата-анасының жүйке жүйесіне де оң әсер етеді.

Мамандардың айтуынша, агрессивті және кейде, тіпті, қылмыстық іс-әрекеттер де биологиялық факторларға байланысты.

«Стресс ашушаңдық пен жылдам ызалануға әкеп соғатын физиологиялық өзгерістерді туғызуы мүмкін», — деп жазады авторлар.

Омега-3 ми жұмысын жандандырып, зейін мен есте сақтауды жақсартады. Ол теңіз өнімдерінде көптеп кездеседі

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ