Шелектегі аурухананың жағдайы Қазнет қолданушыларын шошытты

0
2

Алматы облысының әкімдігінде Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы орталық ауруханасының мүшкіл жағдайы туралы жазған Фейсбук қолданушысы Жанна Асанованың жазбасына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Шелектегі аурухана

Желі қолданушысы ауылдық емдеу мекемесінің қазіргі жағдайын толықтай сипаттап, өзінің өмірлік тәжірибесінен мысал келтірген және емдеу ведомствосының өкілдерін «нысандарды құтқару» шараларын қолдануға шақырған.

«Бұл аурухана 1970 жылы салынған бірнеше ғимараттан тұрады. Облыс басшылығы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігінен хабардар және бұл мәселені Денсаулық сақтау министрлігімен бірге шешіп жатыр.

Таяуда аурухананың жағдайыман Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева жұмыс сапары барысында танысты. Жөндеу жұмыстарына 500 миллион теңге қажет», — деп атап өтті облыс әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жүкел.

Сонымен қатар, осы мекемеде жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің жоғары екендігі аталып өтілді. «Аурухана жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың ішінде 5 мыңнан астам адам емделіп шыққан. Емдеу коэффициенті өте жоғары. Онда жоғары білікті мамандар қызмет атқаруда», — деді ведомствоның өкілі.

Ғ.Жүкел жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесінің қолға алынғанын атап өтті. «Бұл мәселе бақылауға алынды. Биыл жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ал, Жанна Асановаға азаматтық белсенділігі үшін алғыс айтамыз», — деп түйіндеді өңір басшысының баспасөз хатшысы.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ