Шелектегі оқиға: Уланып көз жұмғандарға кәріз құдығына түсуге кім бұйрық берген?

0
6

Алматы облысы, Шелек ауылының орталық ауруханасында екі сантехник пен бір медицина қызметкері газға тұншығып қайтыс болғаны туралы хабар тараған болатын. Техникалық талап бойынша, кәріз құдығын арнайы мамандар тазалау керек. Ал, ауруханың бас дәрігері болса ешқандай тапсырма бермедім деп отыр. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Кадр видеодан алынды

Куәгерлердің айтуы бойынша, бастапқыда кәріз құдығына сантехник түсіп, есінен танған. Әріптесін құтқаруға екінші жұмысшы тұра ұмтылған. Екеуі де уланғанғасын дәрігерлер де құдыққа түсіп, соңы қайғылы аяқталды.

Кеше ғана жұмысқа аман-сау аттанған отағасының бүгін отбасына тек мүрдесі оралды. Сол «сор» құдыққа алғашқы болып түскен сантехник Өмірбай Естемесовтің артында жары мен жалғыз қызы аңырап қалды.

45 мың теңгелік айлықпен жанұяның жалғыз асыраушысы болған «Өмірбай өмірден өткесін ендігі көрер күніміз не болады» деген күйік пен запыраннан әйелі мен қызының өзегін өкініші өртейді.

«Бірінші Өмірбайды тығады. Екінші Ермек кіреді. Оған үнемі противагаз керек, жарылып кетеді, шіріп тұр ғой деп айтқам. Түспе дегем, тілімді алмай кетті ғой», — дейді Естемесовтің жары Эльмира Үркенбай.

Белглі болғандай, жұмыс барысында кәріз құдығындағы құбырдың бірі жарылып, улы газ бөлінген. Одан тұншыққан сантехниктерді құтқаруға келген травматолог Данияр Мергенбаевтың да ажалы сол құдықтағы газдан келген.

Оқыс оқиғадан кейін мәйітханаға жеткізілген марқұмның денелері бүгін отбасыларына тапсырылды.

Кішкентай ғана ауылға үлкен қаза әкелген оқиғадан кейін тұрғындар тіптен бас дәрігерді кінәлап, кабинетіне басып кіріп жатыр.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ