Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады

0
4

Шілде айында Қазақстан азаматтары әдеттегі сенбі мен жексенбі күндеріне қоса тағы 2 күн демалатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: strana.ua

ҚР «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері болып саналады.

Биыл елорда күні — 6 шілде дүйсенбіге келіп тұр. Сондықтан бұл күні қазақстандықтар демалады.

Мұнан бөлек, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айт мерекесінің бірінші күні демалыс саналады.

Ал биыл бұл мереке шілде айының 31-іне, жұма күніне тұспа-түс келіп тұр.

Демек, шілде айында қазақстандықтар жалпы 10 күн демалады.





ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ