Швейцария жанкүйерлері әлем чемпионатына трактормен келді 

0
0

Осылайша бүгін жасыл алаңға шығатын ұлттық құрамасына ерекше қолдау көрсетуді жөн көріпті деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Фото Хабар 24 арнасынан алынды

«Е» тобындағы екінші тур ойындары бүгін Калининград қаласында өтеді. Осыған орай кәрі құрлықтағы футбол фанаттары 2 мың шақырымды ауыл шаруашылығы техникасымен жүріп өтті. Трактордың жылдамдығы сағатына бар болғаны 60 шақырымды құрайтынын ескерсек,

Люцерн мен Калининград арасын бағындаруға шамамен 2 апта кеткен.

«Алғашқыда бұл трактормен саяхат жасағым келген. Менің жоспарым әлем чемпионатына тұспа-тұс келді. Осылайша достарыммен бірігіп көздеген аралағымызды жүріп өттік», — дейді Бит Штудер.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ