Шығыс Қазақстанда орман өртке оранды

0
4

Өрт аумағы – 28 гектар, деп хабарлайды Baq.kz altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: altaynews.k

Өрт сөндірушілер Ұлан ауданының аумағындағы орманнан шыққан өртті ауыздықтауға бар күштерін салуда. Қазір ашық жалын сөндірілді, тек жалыннан қалған шоқтардың орындарымен күрес жүргізілуде. Асубұлақ орман шаруашылығы қызметкерлерінің айтуынша, өрттің шығуына найзағай себеп болған көрінеді.

Приморск орманшылығындағы өрт кеше түске дейінгі уақытта байқалды. Өрт сөндіруге орман шаруашылығы мен Қазорманқорғаудың 60 қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ, көмекке Ұлан ауданының 31,32,34 өрт сөндіру бөлімдерінің құтқарушылары да жіберілді.

«Қазіргі уақытта өрттің аумағы 28 гектарды құрап отыр. Жақын маңдағы елді мекендерге қауіп», — дейді ТЖД баспасөз қызметі.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ