Шымбұлаққа жаз ортасында қар жауды (видео)

0
1
Бүгін Алматыдағы «Шымбұлақ» тау курортында қар жауды. Жаз ортасында түскен қарды видеоға түсіріп алған куәгерлер бейнежазбаны желіге жүктеп көпшілікпен бөліскен деп хабарлайды NUR.KZ.
Кадр видеодан алынды
Видео Instagram желісіндегі «Давай сходим» парақшасында жарияланды.
Видео авторының айтуынша, мұндай жағдай Шымбұлақта осымен екі жыл бұрын болған.
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Балқашта да орын алған болатын. Жаз мезгілінде жауған қар көпшілікті әбігерге салған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ